телефон доверия
87183921303
Вернуться на главную отдела образования
2020 -2021 оқу жылында “Ашық сабақтар” онкүндігінің есебі

Ленин  жалпы негізгі білім беретін мектебінде 2020 -2021оқу жылында   “Ашық сабақтар”   онкүндігінің   есебі

Аудандық  білім бөлімінің №17 бұйрығын іске асыру мақсатында Ленин  жалпы негізгі білім беретін мектебінде  8- 18 ақпан  аралығында ашық сабақтар өткізілді. Кешенді  жұмыс жоспарына сәйкес пән мұғалімдері арасында ашық сабақтар онкүндігін өткізу жоспары құрылды және сабақ кестесіне өзгерістер енгізілді. Сабақтар  штаттық режимде өткізілді.  Ашық сабақтар тізімін бастауыш сынып мұғалімі Аубашева Б.Е. 3 сыныпта  бастады. Тақырыбы “Разрядтардан аттамай үш таңбалы  бір таңбалы санға жазбаша  көбейту”  математика пәні. Сабақта оқушылар үш таңбалы  бір таңбалы санға жазбаша  көбейту тәсілдерін үйренді. Барлығы белсенді қатысты. Мұғалім  сабақта түрлі әдіс тәсілдерді,  АКТ- құралдарын қолданды. 4 сынып мұғалімі Камелбай Динира қазақ тілінен  “Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі” тақырыбында  ашық сабақ берді. Сабақта мұғалім түрлі тәлілдер қолданып, оқушыларды қызықтыра алды. Сабаққа қызыққан оқушылар көп тапсырмалар орындап үлгерді. 6 сыныпта орыс тілі пәнінен Сакауова С.С  өзінің  іс-тәжірибесін “ Строители слов” тақырыбы арқылы көрсете алды.  Сабақта мақсатқа жетудің жолдары көрсетілді, мұғалім алдына қойған мақсатқа түрлі әдіс-тәсілдерді, АКТ-ны  қолдана отырып, оқушылармен кері байланысты да шеберлікбек қолдана білді.  6 сыныпта  “Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу” тақырыбында математика пәнінен Елтаева А.С. өз ашық сабағын өткізді.  Оқушылар сабақта теңсіздіктерді шешу жолдарын үйреніп,  түрлі тапсырмалар орындады. Ашық сабақ  5 сынып “Үйсіндер туралы жазба деректер” тақырыбында өз жалғасын тапты. Тарих мұғалімі Жангозина А.А. сабақта қолданған тапсырмалар мен презентация көрсете отырып, оқушыларды қызықтыра алды.  Барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысты.  5 сыныпта математика пәнінен Ахметжанова А.М.  “Ондық бөлшектерді көбейту”тақырыбында оқушылармен қызықты сабақ өткізді, мұнда оқушылар сабақта планшет қолдана отырып, жаңа сабақты меңгерді. Түрлі тапсырмаларды іске асыру барысында, сабаққа белсене ат салысты. Жас маман Базарбай М.С. ағылшын тілінен 3 сыныпта алғашқы сабақғын ойдағыдай өткізді.  Өз іс- тәжірибесін “Seasons and months” тақырыбы арқылы көрсете алды.  Сабақта оқушылар жыл мезгілдерін және айлары жайлы  танысты.  Оқушылар сабаққа белсене қатысты, қызықты тапсырмалар орындады. Жоспар бойынша барлық іс-шаралар қамтылды. Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланды.    Сабақтар  бойынша мұғалімдерге мынадай ұсыныстар  жасалды: оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету мақсатында тапсырмалар беру, ой өрістерін дамытатын әдіс- тәсілдер қолдану, АКТ-ның мүмкіншіліктерін кеңінен қолдануға және сабақ барысында кері байланыс әдістерін орынды қолдана алуды үйрену. 

 

 

ОЖДО: Темирханова С.Е.