Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Павлодар облысы білім беру басқармасының

"Аққулы ауданының білім беру бөлімі" ММ
ГУ "Отдел образования района Аққулы"

управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Аққулы ауданының білім бөлімі Аққулы ауданында балалар қозғалысын дамытуда аға тәлімгердің рөлін арттыруға бағытталған "Жыл тәлімгері" облыстық байқауының аудандық іріктеу этипін өткізді.

Конкурстың мақсаты аға тәлімгерлердің еңбек беделін арттыру, "Жас Ұлан"балалар қоғамдық қозғалысын дамыту болып табылады.

Конкурстың Міндеттері:
Шығармашылық жұмыс істейтін аға тәлімгерлерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.
Аға тәлімгерлердің кәсіби шеберлігі мен еңбек беделін арттыру.
Аға тәлімгерлердің қызметін ынталандыру.
Аға тәлімгерлердің жеке және кәсіби өсуіне жәрдемдесу.
Балалар мен жастардың қоғамдық қызметіндегі тәрбиенің тиімді технологияларын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтау және сынақтан өткізу.

Байқау екі номинация бойынша өтті: "Үздік жас тәлімгер" (21 жастан 30 жасқа дейінгі аға тәлімгерлер).
"Баға жетпес тәжірибе" номинациясы (балалар қоғамдық бірлестігімен кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе тәжірибесі бар аға тәлімгерлер (жасын шектемей).

Байқау қорытындысы бойынша" Үздік жас тәлімгер " номинациясы бойынша 1 орынды Ямышев мектебінің тәлімгері Тайтуленова Диана Нұрланқызы; 2 орынды Тюлюмбаева А.М., Шарбақты ЖОМ; Шакилова А. Г., С. Сатыбалдин атындағы ЖОМ; 3 орынды Мұхтар Р., Жаңатан ЖОМ иеленді.

"Баға жетпес тәжірибе" номинациясында - 2 орынды Әйтей ауылының негізгі мектебінің тәлімгері – Бексұлтанова Айнұр Қанатқызы иеленді.
Құттықтаймыз!

© 2024 Павлодар облысы білім беру басқармасының

"Аққулы ауданының білім беру бөлімі" ММ ГУ "Отдел образования района Аққулы"

управления образования Павлодарской области