Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Павлодар облысы білім беру басқармасының

"Аққулы ауданының білім беру бөлімі" ММ
ГУ "Отдел образования района Аққулы"

управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім бөлімінің, «Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалілімі Умерханова Гульнар Маденитовна марапаттаулар мен көтермелеулер бойынша «Орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломына ұсынылады.

Төмендегі жетістіктер негізге алынады:
2023 жылы 11-сынып оқушысы Жунусова Махаббат «Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасының» облыстық кезеңнің 3 дәрежелі жүлдегері. Сонымен қатар, ағымдағы жылда 11-сынып оқушысы Жунусова Махаббат Павлодар қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ұйымдастырған «IX облыстық пәндік олимпиадасының» 1 дәрежелі жүлдегері атанып, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығына Margulan грантын беру туралы куәлігіне ие болды. Гульнар Мадениетовна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің грамотасымен марапатталды.
Гульнар Мадениетовна аудан, облыстың шығармашылық топтардың құрамында жұмыстарына белсене араласуда. Өзінен кейінгі ұстаздарға да қол ұшын созуға дайын, үлгілі ұстаздардың бірі. Қазіргі уақытта мектепте өзі оқытып, тәрбиелеген жас маман Жунусова Мадина Бауржанқызына тәлімгер болуда.Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз үнемі ізденіс үстінде. Жас ұстаздың тәлімгері бола тұра, оған педагогикалық қызметтің жеке стилін табуға көмектеседі. Шәкірттері сыйлайтын, ұжым арасында сыйлы, адамгершілігі мол ұстаздардың қатарында.
2022 жылы 9-сынып оқушысы Нұрболат Гүлнұр « 9-11 сынып оқушыларына арналған III облыстық гуманитарлық олимпиадасында» 3 дәрежелі жүлдегер атанды.2022 жылы 7- сынып оқушысы Куандыков Исламбек «Жас кемеңгер» облыстық сыртай оқу мектебінің олимпиадасында 1 дәрежелі жеңімпаз атанды.
2021 жылы 10-сынып оқушысы Жунусова Махаббат облыстық "Жамбыл оқулары" байқауының "Жамбылдың жыр мұрасы" ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу бағытының 3 дәрежелі жүлдегері; облыстық "Мағжан оқулары" конкурсының "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" бағыты бойынша 3 дәрежелі дипломды иеленді.

© 2024 Павлодар облысы білім беру басқармасының

"Аққулы ауданының білім беру бөлімі" ММ ГУ "Отдел образования района Аққулы"

управления образования Павлодарской области