Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанның көркеюі жолында білім мен ғылымға толассыз үлес қосып, жас ұрпаққа айқын бағыт беріп отырған сіздердің еңбектеріңіз айрықша! Жауапкершілігі мен талабы жоғары білім беру саласын қуанышқа бөлейтін мереке күні ұжымдарыңызға толағай табыс, қажырлы еңбек және шығармашылық шарықтау тілеймін.
Әрқашан да жүздеріңізден күлкі кетпей, тәрбиелеп шығарған шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп жүре беріңіздер. Осы атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңіздің тек жемісін көріңіздер.
Ізгі тілекпен: Аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Еркенов
.
өз құзыреті шегінде облыстың білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлімнің құрылтайшысы Павлодар облысы Аққулы ауданының әкімдігі болып табылады. Бөлімнің осы Ережеге қоса берілген тізбеге сәйкес ведомстволары болады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Құрметті Аққулы ауданының тұрғындары, егер сізде білім беру жүйесіне байланысты сұрақ туындаса білім бөлімінің басшысына тікелей жүгіне аласыз. Төменде контактілер арқылы байланысқа шыға аласыздар.
Автоматтандырылған жүйесі Білім беру ұйымдары кітапханаларының сандық есептері