АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
ВЕБ - САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ РАЙОНА АҚҚУЛЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.
Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.
Толығырақ...«Аққулы ауданының білім беру бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім беру бөлімі) Аққулы ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
Өтініште «мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы куәліктің БСН және бірегей нөмірін көрсету қажет;
мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат;
санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге (сыйымдылығы үш топқа дейін) медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен жасалған шартты;
педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесін;
ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.
Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім беру бөлімі жүзеге асырады: Аққулы ауылы., Баймолдин к-сі, 13, 2023 жылғы 1-7 желтоқсан аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына.
Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2023 жылғы 14 желтоқсанға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.
Аққулы ауданының білім беру бөлімі
Аққулы ауданының білім беру бөлімінің әдістеме кабинеті жоспарына сәйкес 2023 жылдың 15 қарашасында Потанин ОМ базасында облыстық “Мектепке бағдар” жобасын іске асыру мақсатында «Бейімделу кезеңінде 1 - сынып оқушыларын психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинар жұмысына облыстың инновациялық орталығының әдіскерлері Н.Н.Жолдыбаева және М.Г.Садыкова, аудандардың мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып әдіскерлері мен педагогтарынан 80 жуық адам қатысты.Семинар барысында мектепалды даярлық және 1-сыныптарда ашық сабақ өткізілді. Шебер сыныпта аудан педагогтары мен психологтары 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің педагогикалық, психологиялық аспектілерін, даярлық топтан 1-сыныпқа кедергісіз өту мәселелерін талқылады.Семинар соңында ұсыныстар мен кері байланыс берілді.
Толығырақ...Бүгін әдістемелік кабинет пен технология мұғалімдері бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес технология пәні мұғалімдеріне арналған аспаздық сағаты өткізілді. 5-7 сынып оқушыларына арналған тамақ мәдениеті бөлімі негізге алынды.
Негізгі мақсаты – семинар ұйымдастыру арқылы педагогикалық тәжірибемен алмасу, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Мәселен, Шарбақты, Жабағлы және Төсағаш ауылының бастауыш мектептерінің мұғалімдері бутерброд пен сусындар жасау технологиясы бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Жемістер мен көкөністерден салаттар дайындау технологиясы бойынша Аққулы, Жамбыл, Абай мектептерінің мұғалімдері шеберлік сыныбын көрсетті. Ал тәтті тағамдарды дайындау технологиясын – Малыбай, Қазантай және А.Баймулдин атындағы орта мектептердің мұғалімдері көрсетті.
Қазақтың ұлттық тағамдарынан самса түрлерінің бірін және бауырсақтарды Тілектес және Сәдуақас Сатыбалдин атындағы орта мектеп мұғалімдері тарту етті.
Потанин және Тақыр мектептерінің мұғалімдері дастарханды әдемі безендіру және дастархан жаю ережелерімен таныстырды.
Аспаздық сағаттың нәтижесінде әріптестер өздері дайындаған дөңгелек үстелде өзекті мәселелерді талқылай алды.
Мектеп кітапханашыларымен бірлесіп ,келесі отырыстың мақсаты мен міндеттері, «Оқу ға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру туралы айтылды.
Толығырақ...Вакансии
- Главный специалист государственного учреждения "Отдел образования района Аққулы" управления образования Павлодарской области
- Директор КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1" отдела образования района Аққулы" управления образования Павлодарской области
- Ведущий специалист государственного учреждения "Отдел образования района Аққулы" управления образования Павлодарской области