Аққулы ауданының әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес бүгін «Аққу» облыстық жобасы аясында «Қыз еркем-қылығымен көркем» облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты-Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу ,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық тәрбиеге деген қызығушылығын ояту мен ұлттық салт-дәстүр, ұлттық қолөнерді өскелең ұрпаққа дәріптеу болып табылады.
Байқауға әр мектептің «Акку» клубының қыздары әжелермен, жеңгелермен, аналармен бірлесе отырып, «Шеше көрген тон пішер» бағытында жүн түтіп, ұршық иіру қолөнерін көрсете білді. Сонымен қатар, клуб мүшелері Әжелер клубымен бірлесе отырып «Өнерлі қыз-өнегелі ару» бағытында « Тақия » тігуін көрсетті.