Аққулы ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес полияция бөлімімен бірлесе “Полицияның жас көмекшілері” атты байқау ұйымдастырылды.
Байқау мақсаты: есірткі өнімдерін қолдану және пайдаланудың, құқықбұзушылықтың, мектептегі буллингтің алдын алу, салауатты өмір салтын, оқушылар қауіпсіздігін қалыптастыру.
Байқау оқушылар арасында жас полиция көмекшілерінің жұмысын жандандыру, құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу сияқты міндеттерге бағытталған; балалардың құқықбұзушылық пен есірткінің алдын алу бойынша шығармашылық таланттарын анықтау.
“Полицияның жас көмекшілері” отрядтары екі номинацияда сынға түсті: девиз, эмблема, отряд жұмысы және “Мектептегі буллингке жол жоқ!” тақырыбында агитбригадалар.
Әділ қазылар алқасының құрамына кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор С. Омарова және білім бөлімінің әдіскері кірді.
Байқау қорытындысы бойынша барлық отрядтар полияция бөлімінің басшысы Д. Молдабаев атынан алғыс хатқа ие болды. 1 орынды С.Сатыбалдин ат. мектеп алды, 2 орынға Жамбыл ОМ ие болды, 3 орынды Малыбай ОМ иеленді.