Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Павлодар облысы білім беру басқармасының

"Аққулы ауданының білім беру бөлімі" ММ
ГУ "Отдел образования района Аққулы"

управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Аққулы ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес полияция бөлімімен бірлесе “Полицияның жас көмекшілері” атты байқау ұйымдастырылды.

Байқау мақсаты: есірткі өнімдерін қолдану және пайдаланудың, құқықбұзушылықтың, мектептегі буллингтің алдын алу, салауатты өмір салтын, оқушылар қауіпсіздігін қалыптастыру.

Байқау оқушылар арасында жас полиция көмекшілерінің жұмысын жандандыру, құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу сияқты міндеттерге бағытталған; балалардың құқықбұзушылық пен есірткінің алдын алу бойынша шығармашылық таланттарын анықтау.

“Полицияның жас көмекшілері” отрядтары екі номинацияда сынға түсті: девиз, эмблема, отряд жұмысы және “Мектептегі буллингке жол жоқ!” тақырыбында агитбригадалар.

Әділ қазылар алқасының құрамына кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор С. Омарова және білім бөлімінің әдіскері кірді.

Байқау қорытындысы бойынша барлық отрядтар полияция бөлімінің басшысы Д. Молдабаев атынан алғыс хатқа ие болды. 1 орынды С.Сатыбалдин ат. мектеп алды, 2 орынға Жамбыл ОМ ие болды, 3 орынды Малыбай ОМ иеленді.

   Аққулы ауданының әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес  бүгін «Аққу» облыстық жобасы аясында  «Қыз еркем-қылығымен көркем» облыстық байқауының  аудандық іріктеу кезеңі өтті.

 Байқаудың негізгі мақсаты-Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу ,оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін  дамытып, ұлттық тәрбиеге деген қызығушылығын ояту мен ұлттық салт-дәстүр, ұлттық қолөнерді өскелең ұрпаққа дәріптеу болып табылады.

Байқауға әр мектептің «Акку» клубының қыздары әжелермен, жеңгелермен, аналармен бірлесе  отырып, «Шеше көрген тон пішер»  бағытында жүн түтіп, ұршық иіру қолөнерін көрсете білді. Сонымен қатар, клуб мүшелері   Әжелер клубымен бірлесе отырып  «Өнерлі қыз-өнегелі ару» бағытында « Тақия » тігуін көрсетті.

Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім бөлімінің, «Малыбай жалпы орта білім беру мектебі» КММ-нің химия пәнінің мұғалімі Айгожина Жансая Мукангалиевна марапаттаулар мен көтермелеулер бойынша «Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатына» ұсынылады.

Төмендегі жетістіктер негізге алынады:

-2023 жылы «Ауыл мектебінің қазіргі жағдайы: мәселелері мен шешу жолдары» халықаралық конференция аясында өткізілген республикалық «Үздік ауыл мұғалімі» байқауында ІІ орын;
-2022 жылы облыстық «Функционалдық сауаттылық –табыс кепілі» атты үздік әдістемелік құрал байқауында І орын;
-облыстық «Педагогикалық шеберлік-2023» байқауының ІІ орын;
-облыстық «Үздік интерактивті сабақ-2023» интернет-фестивалі І орын;
-2020 жылы облыстық «Жыл мұғалімі-2020» байқауында ІІІ орын иегері;
-2019 жыл Павлодар облысының білім беру басқармасының Алғыс хаты;
-2019 жылы республикалық «Үштілді білім беру олимпиадасы» І орын иегері;
-2018 жылы республикалық «Үздік ашық сабақ» байқауында ІІ орын.

Сонымен қатар оқушылары облыстық, аудандық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді.

Павлодар облысы білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім бөлімінің, «Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалілімі Умерханова Гульнар Маденитовна марапаттаулар мен көтермелеулер бойынша «Орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломына ұсынылады.

Төмендегі жетістіктер негізге алынады:
2023 жылы 11-сынып оқушысы Жунусова Махаббат «Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиадасының» облыстық кезеңнің 3 дәрежелі жүлдегері. Сонымен қатар, ағымдағы жылда 11-сынып оқушысы Жунусова Махаббат Павлодар қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ұйымдастырған «IX облыстық пәндік олимпиадасының» 1 дәрежелі жүлдегері атанып, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығына Margulan грантын беру туралы куәлігіне ие болды. Гульнар Мадениетовна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің грамотасымен марапатталды.
Гульнар Мадениетовна аудан, облыстың шығармашылық топтардың құрамында жұмыстарына белсене араласуда. Өзінен кейінгі ұстаздарға да қол ұшын созуға дайын, үлгілі ұстаздардың бірі. Қазіргі уақытта мектепте өзі оқытып, тәрбиелеген жас маман Жунусова Мадина Бауржанқызына тәлімгер болуда.Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз үнемі ізденіс үстінде. Жас ұстаздың тәлімгері бола тұра, оған педагогикалық қызметтің жеке стилін табуға көмектеседі. Шәкірттері сыйлайтын, ұжым арасында сыйлы, адамгершілігі мол ұстаздардың қатарында.
2022 жылы 9-сынып оқушысы Нұрболат Гүлнұр « 9-11 сынып оқушыларына арналған III облыстық гуманитарлық олимпиадасында» 3 дәрежелі жүлдегер атанды.2022 жылы 7- сынып оқушысы Куандыков Исламбек «Жас кемеңгер» облыстық сыртай оқу мектебінің олимпиадасында 1 дәрежелі жеңімпаз атанды.
2021 жылы 10-сынып оқушысы Жунусова Махаббат облыстық "Жамбыл оқулары" байқауының "Жамбылдың жыр мұрасы" ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу бағытының 3 дәрежелі жүлдегері; облыстық "Мағжан оқулары" конкурсының "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" бағыты бойынша 3 дәрежелі дипломды иеленді.

© 2024 Павлодар облысы білім беру басқармасының

"Аққулы ауданының білім беру бөлімі" ММ ГУ "Отдел образования района Аққулы"

управления образования Павлодарской области