Республикалық «Мектепке жол» акциясы басталған күннен бастап аудан безнесмендері, меценаттары мен азаматтары Аққулы ауданының білім беру ұйымдарында белсенді атсалысып, балаларды мектепке жан –жақты атаулы көмек көрсетуде және азаматтық белсенділік танытуда.
Акция мектеп оқушыларының сабаққа толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Жақсылық жаса» ұранымен өткізілуде.
Бүгінгі күні жан –жақты көмек көрсетіп жүрген қамқор демеушілерді атап кетуге болады. Олар – Аққулы ауданының Қара қала ауылының жастары. Ата – анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен аз қамталған отбасылардан балаларға 300 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті.
Потанин мектебінің әкімшілігі балаларға мектеп формасы, спорттық костюмдер, рюкзактар мен кеңсе тауарларын сатып алды.
Айта кетсе, өткен жылы да ауыл жастары көмек көрсетуде азаматтық белсенділіктерін көрсетті.