Аққулы аудандық білім беру бөлімі «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында бүгін арзан әрі қолжетімді бағада мектеп жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Мектеп жәрмеңкесіне жергілікті кәсіпкерлер де шет қалмай, көп балалы отбасы балаларына кеңсе тауарларын, мектеп формасы мен аяқ киімі сатып алуға жан –жақты көмек көрсетті. Мектеп жәрмеңкесінде балаларға қажетті заттар мен кеңсе тауарларын алып, демеушілік көмек көрсеткен облстың қарапайым азаматтары да шет қалмады.
Ассортиментте кәсіпкерлер іскерлік үлгідегі киімдерді, кеңсе тауарларын, рюкзактар мен спорттық костюмдерді ұсынды.
Жәрмеңкеге барлығы 300-ге жуық ата –ана қатысып, олар 2 366 450 теңгеге мектепке және оқу жылының басталуына қажетті заттардың барлығын сатып алды.
Блиц:
Өте жақсы жәрмеңке өтті. Көптеген кеңсе тауарларын сатып алдық. Барлығы жақсы бағамен, өте қолжетімді. Менде 4 оқушым бар. Біз бүгін өте жақсы келісімге қол жеткіздік.