Бүгін, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Аққулы аудандық білім бөлімінің басшысы Еркенов Ерсін Еркенұлының жеке қабылдауы өтті.
Басшымен жеке қабылдауға аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары, заңды өкілдері қатысты.
Ата –аналар қаржылық көмек, оқу жылының басталуы, оқу жүктемесі, өтініштер және т.б. сұрақтар қоя алды. Білім бөлімінің басшысы барлық сұрақтарға кеңес беріп, жауап берді. Жеке қабылдауға ата-аналар да сұрақтарын қойып қана қоймай , балаларға демеушілік және материалдық көмек ұйымдастырып отырған білім бөліміне алғыстарын білдірді.
Блиц:
Қызымды жалғыз өсіріп жатырмын, айлығым аз. Қызымды 1-ші сыныпқа дайын. Сол үшін алғысымды білдіруге келдім.
Ауданға көшіп келгеніме бірнеше жыл болды. Баламды мектепке киіндіру маған әр қашан қиын болды. Былтырдан бері маған мұнда өте жақсы көмек көрсетілді. Кіші ұлымды балабақшаға орналыстырды, мені жұмысқа берді. Үлкен рахмет.