Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Павлодар облысы білім беру басқармасының

"Аққулы ауданының білім беру бөлімі" ММ
ГУ "Отдел образования района Аққулы"

управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Бүгін әдістемелік кабинет пен технология мұғалімдері бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес технология пәні мұғалімдеріне арналған аспаздық сағаты өткізілді. 5-7 сынып оқушыларына арналған тамақ мәдениеті бөлімі негізге алынды.

Негізгі мақсаты – семинар ұйымдастыру арқылы педагогикалық тәжірибемен алмасу, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Мәселен, Шарбақты, Жабағлы және Төсағаш ауылының бастауыш мектептерінің мұғалімдері бутерброд пен сусындар жасау технологиясы бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Жемістер мен көкөністерден салаттар дайындау технологиясы бойынша Аққулы, Жамбыл, Абай мектептерінің мұғалімдері шеберлік сыныбын көрсетті. Ал тәтті тағамдарды дайындау технологиясын – Малыбай, Қазантай және А.Баймулдин атындағы орта мектептердің мұғалімдері көрсетті.

Қазақтың ұлттық тағамдарынан самса түрлерінің бірін және бауырсақтарды Тілектес және Сәдуақас Сатыбалдин атындағы орта мектеп мұғалімдері тарту етті.

Потанин және Тақыр мектептерінің мұғалімдері дастарханды әдемі безендіру және дастархан жаю ережелерімен таныстырды.

Аспаздық сағаттың нәтижесінде әріптестер өздері дайындаған дөңгелек үстелде өзекті мәселелерді талқылай алды.

Мектеп кітапханашыларымен бірлесіп ,келесі отырыстың мақсаты мен міндеттері, «Оқу ға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру туралы айтылды.

 

 

 

© 2024 Павлодар облысы білім беру басқармасының

"Аққулы ауданының білім беру бөлімі" ММ ГУ "Отдел образования района Аққулы"

управления образования Павлодарской области